Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ: ЕРІКТІЛЕРІМІЗДІҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕКШЕ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.04.2024 670 0 пікір
БАС МҮФТИ: ЕРІКТІЛЕРІМІЗДІҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕКШЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында «Орал» спорт клубындағы эвакуациялық пунктте болып, «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілеріне ерекше ризашылығын жеткізді.

«Шын мәнінде жақсылыққа жаны құмар адам ғана ерікті бола алады. Қазір біздің еріктілеріміз су басқан аймақтарда халыққа көмектесіп, қолдан келген жәрдемін аямай беріп жатыр. Өздеріңіз секілді еріктілеріміздің еңбегі ерекше. Осы ретте сіздерге өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын! Халқымызға жасап жатқан жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын. Алла Тағала қауіпті сейілтіп, үрей құшағында отырған жерлестеріміздің жүрегіне қуныш сыйласын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілер тобы «Орал» спорт клубында орналасқан 300 адамды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер үлестірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру