Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОРАЛДА СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРБАН ШАЛЫНДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.04.2024 639 0 пікір
ОРАЛДА СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰРБАН ШАЛЫНДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында Орал қаласында Орталық мешіт ауласында өңірдегі су тасқынына байланысты құрбан шалу рәсіміне қатысты.

Игі іс-шараға мешіттің Ақсақалдар алқасының мүшелері мен мешіт жамағаты қатысты.

«Уа, Алла Тағалам! Өзіңнің разылығың жолында шалынған құрбандығымызды өз дәрежесінде қабыл еткейсің. Еліміз бен жерімізді су апатынан аман еткейсің. Халқымыздың жүрегіне тыныштық пен қуаныш нәсіп ете гөр. Сынақ сәтін жақсылыққа ұластырғайсың. Жұртымызға қалыпты өмір бергейсің» деп дұға етті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру