Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОСТАНАЙ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.04.2024 991 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОСТАНАЙ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Аймағанбет қажы Спанұлы атындағы облыстық орталық мешітте жамағатқа уағыз айтты.

Тарауық намазына жиналған жамағат ҚМДБ Төрағасының мұсылмандардың Рамазан айынан кейінгі жағдайы туралы насихатын тыңдады.

«Исламда әрбір құлшылықтың мақсаты – мұсылман баласын Аллаға жақын ету. Сол секілді Рамазан айында ұстайтын ораза да адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Нәпсімен ғана күресетін айлардың сұлтанында көп құлшылық, адамдарға жақсылық жасауға тырысамыз. Ал Рамазан айының негізгі мақсаты орындалуы үшін өмір сүру салтымыз, күнделікті дағдымыз бұл айдан кейін де өзгермеуі керек. «Нағыз Рамазан ораза біткеннен кейін басталады» деп бекер айтылмаған. Тамақтан тыйылмасақ та, әртүрлі күнәдан, жаман әдеттерден аулақ болуға тиіспіз. Сондай-ақ оразамыздың қабыл болуын ұдайы тілеп, келесі Рамазанға аман жетуді Жаратқаннан сұрағанымыз абзал. Шама келгенше аптасына бір-екі күн, Арапа, Ашура күндері ораза ұстау, ең бастысы мінезіміздің көркем болуы осы Рамазанның жемісі болмақ» деді Бас мүфти.

Бұдан бөлек, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облыстық мешітінде бір ай бойы хатым өткізген қариға ризашылығын жеткізіп, сый-сияпат жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру