Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ БАСҚАРМА ҚОСТАНАЙДА ЕРІКТІЛЕР МЕН ЖАМАҒАТҚА АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.04.2024 736 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМА ҚОСТАНАЙДА ЕРІКТІЛЕР МЕН ЖАМАҒАТҚА АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облыстық мешітінде еріктілер мен жамағатқа ауызашар берді.

Ауызашар дастарқанына арнайы қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстағы төтенше жағдай кезінде ортақ істерде белсенділік танытып келе жатқан еріктілерге алғысын айта келе: «Жаратушы Алла Тағала Құран аятында: «Ізгі істерде бір-біріңе жәрдемдесіңдер», – дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күллі адамзатқа жолдаған өсиетінде ең жақсы адамның бойындағы ізгі қасиетін тілге тиек етіп: «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдалы болғандары», – деген. Алла Тағала сіз бен бізді айнала-төңірегімізге пайдалы болған мұсылмандардан еткей. Алла Тағала Құранда «Рахман» сүресінің 60-аятында: «Жақсылықтың қарымы – дәл сондай жақсылық» деп уәде еткендей, жасап жатқан қайырымды істеріміздің қайырын көрейік, бауырлар. Алла Тағала бұл сынақтың соңын жақсылыққа ұластырғай», – деді.

Игі басқосуда зиялы қауым өкілдері мүфтият қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ізгі ниеттерін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру