Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда Орталық мешітте болып, ауызашар дастарқанында жамағатпен жүздесті.
Жамағатқа Исламдағы рухани бірліктің маңызы жайлы уағыз айтқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Оған еш уақытта тілімен де, қолымен де жаманшылық жасамайды, келеке етпейді, малына, арына сұқтанбайды. Бұл – Исламдағы ең ұлы ұғымдардың бірі. Алла Тағала Құранда: «Шын мәнінде мүміндер бауыр», – деген. Аллаға шүкір, қасиетті Рамазан айында мұсылмандардың бір-біріне деген бауырмалдық сезімі арта түседі. Бүгінгі ауызашар осы ауызбіршіліктің айқын көрінісі. Алла Тағала баршамыздың рухани бірлігімізді берік еткей», – деді.
Ауызашар дастарқанында жарапазан жыры айтылып, Құран оқылды. Бас мүфти еліміздің игілігі үшін арнайы дұға жасады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру