Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде жұма намазын өткізді.
ҚМДБ Төрағасы жұма құтпасында: Жаратқан Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Күдіксіз: «Раббымыз – Алла» деп, кейін тура жолды ұстанғандарға ешқандай қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды», – деп айтқан («Ахқаф» сүресі, 13-аят). Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Аллаға иман келтірдім де, сосын тура жолда берік бол», – деген (имам Мүслим).
Расында да адам баласына қажетті болған сипат – истиқамат. Яғни, дінде берік болу. Дінде берік болу деп – тура жолды тауып, хақ діннің жолына түскеннен кейін, оңды-солды ауытқымай, діннің барлық бұйрықтарына бағынып, тыйымдарынан толықтай тыйылу, құлшылықтарды орындауда табанды болу. Бұл әрбір мұсылман баласы үшін маңызды» деді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
29.03.2024
2004
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру