Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ» ТҰҒЫРНАМАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.02.2024 1301 0 пікір
«УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТУДЫҢ ӘДЕБІ МЕН МӘДЕНИЕТІ» ТҰҒЫРНАМАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен І республикалық уағызшылар форумында «Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасы қабылданды.

Құжаттың мәтінін ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырды. Тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.

«Бұл құжаттың мақсаты – ҚМДБ-на қарасты мешіттерде уағыз-насихат жұмыстарының бірізділігін қамтамасыз ету, дін қызметкерлеріне дініміздің құндылықтарын дұрыс бағытта дәріптеу үшін бағыт-бағдар беру, уағыз-насихат айтудың методикасына назар аудару және діни уағыз-насихаттың моделін қалыптастыру» деп атап өтті Батыржан Берденұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру