Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.01.2024 1844 0 пікір
ҚМДБ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ (ФОТО)

Бүгін Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен арнайы жиын өтті. Басқосуға ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлері, облыс бас имамдары, діни оқу орындарының басшылары мен республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері қатысты.

«Өздеріңізге мәлім, мүфтият жыл сайын жұмыстарды жүйелеу үшін қоғам талабына сәйкес басымдық беретін бағыттарды айқындап келеді.«Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары қашан да діни қызмет пен қоғам үшін аса маңызды екені белгілі. Биыл да осы бағыттар бойынша жұмыстарға басымдық беру қажет деген ұйғарымға келдік. Аталған бес бағыт бойынша жыл бойы атқарылатын жұмыстарды сапалы, тиянақты және жоспарға сәйкес жүзеге асыру қажет» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиында 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы «Айтулы іс-шаралар» жоспары бойынша атқарылған жұмыстар легімен таныстырды. Сонымен қатар бес бағытқа жауапты ҚМДБ бөлім меңгерушілері – Нұрбек Әуесханұлы («Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам»), Смайыл Сүйерқұлұлы («Діни оқу-ағарту»), Хасан Ташайұлы («Жат діни ағымдардан сақтандыру»), Батыржан Берденұлы («Ихсан және насихат») жыл бойы атқарылатын ауқымды іс-шаралардың жоспарын баяндап берді.      

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру