Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ: 2024 ЖЫЛЫ ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ МҮФТИЛЕР АЛҚАСЫНА ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТЕМІЗ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.01.2024 1961 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ: 2024 ЖЫЛЫ ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ МҮФТИЛЕР АЛҚАСЫНА ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТЕМІЗ

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«2024 жылы бірқатар ауқымды іс-шараларды атқаруды жоспарлап отырмыз. Еліміз биыл бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтқанда, Түркі мемлекеттері ұйымына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді.

Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өзіміз бастамашыл болған Түркітілдес мемлекеттердің мүфтилер алқасына төрағалық ететінін ерекше атап өткім келеді.

Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты бауырлас елдердің мүфтилер алқасына төрағалық ету мәртебесінің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына берілуі – сіз бен бізге үлкен жауапкершілік жүктейді» деді Бас мүфти.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру