Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2023: «MUNARA TV» СУРДОАУДАРМА ҚЫЗМЕТІН ІСКЕ ҚОСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.01.2024 1253 0 пікір
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2023: «MUNARA TV» СУРДОАУДАРМА ҚЫЗМЕТІН ІСКЕ ҚОСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы «Munara TV» 2023 жылы техникалық әлеуетін жаңартып, сурдоаударма қызметін іске қосты. Бұл туралы телеарна директоры Еркін Шәкірұлы хабарлады.

«Есту қабілеті нашар азаматтардың ақпарат алуына жағдай жасайтын сурдоаударма қызметі отандық телеарналар тәжірибесінде бұрыннан бар. Бас мүфти бастамасымен біз де Діни басқарманың төл телеарнасына сурдоаударма қызметін іске қостық. Қазіргі уақытта ҚМДБ ұстаздарының дәрістері эфирден сурдоаудармамен берілуде. Сондай-ақ 2023 жылы телеарнаны дамыту және жұмысын жан-жақты жетілдіру үшін арна жанынан Көркемдік кеңес құрылды. Кеңеске елімізге белгілі тележурналистер, блогерлер мүшелікке енді. Ақтау қаласында ұйымдастырылған ХІІ республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауы мен елордадағы Бас мешітте тұңғыш рет өткен Халықаралық Құран жарысы тікелей эфирде көрсетілді» деді телеарна директоры. 

Айта кетейік, «Munara TV» телеарнасы қоғамдағы өзекті тақырыптарды қамти отырып, «Дін мен дәстүр», «Рамазан – жақсылық айы», «Қажылық – бизнес көзі ме»?, «Құранда намаз жайлы не айтылған?» тақырыптарында подкаст түсірілді. «25 қазан – Ұлттық мереке», «Лудомания – қоғам дерті», «Қажылық – ұлы сапар» деп аталатын арнайы репортаждар жасалды. Әйел-қыздар секторының бастауымен «Бала тәрбиесі отбасынан басталады», Әйел және кәсіп  деген атаумен бірнеше өзекті подкасттар түсірілді. Сонымен қатар «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының аудио нұсқасы әзірленді. 2023 жылы арнаның техникалық жабдықтарын жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру