Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.01.2024 1574 0 пікір
БАС МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордасы Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Қанағат қарын тойғызар» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Дініміз мұсылман адамның бойында табылуы тиіс рухани қасиеттерге шақырады. Осы рухани қасиеттердің бірі – қанағат. Қанағат қолыңдағы барға разы болу, шүкіршілік ету, сондай-ақ нәпсі қалауларынан тыйылу, шыдау деген сөз. Ал қанағат сөзінің шариғаттағы діни терминдік мағынасы – Алла Тағаладан өзге ешкімнен, ештеңе дәметпеу. Яғни тек Алладан ғана үміт етіп, ризық-несібесіне разы болу. Жаратқан Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Нахл» сүресі, 97-аятында: «Қандайда мүмин ер немесе әйел кісі түзу (ізгі) іс істесе, біз оған міндетті түрде жақсы өмір (тіршілік) сыйлаймыз. Әрі біз оларға істеген істерінен де жақсырақ сыйлық береміз», – деп айтқан.

Ғалымдарымыз осы аяттағы «Жақсы өмір сыйлаймыз» деген сөзді «қанағат еткен тіршілік» деп анықтама берген. Демек, қанағат еткен кісінің өмірі жақсылыққа, ізгілікке толы болады деген сөз.Қазақ халқында да қанағат туралы өнегелі өсиеттер көп сақталған. Айталық, «Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар», «Ер азығы – қанағат» сынды мақал-мәтелдер халқымыздың рухани жадында мәңгі сақталып келеді» деді.

Жұма намазынан кейін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ел амандығы мен игілігі үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру