Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2023: МЕШІТТЕРДЕ 22 301 АДАМ САУАТ АШТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.12.2023 2105 0 пікір
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2023: МЕШІТТЕРДЕ 22 301 АДАМ САУАТ АШТЫ (ФОТО)

Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков баяндады.

«2022-2023 оқу жылы ҚМДБ оқу орындарын 712 түлек бітірді. Оның 245-і Нұр-Мүбарак университеті мен 371-і Діни басқармаға қарасты 9 медресе-колледжді, 63-і Қарилар дайындау орталықтарын және 33-і «Хусамуддин әс-Сығанақи» ислам институтын тәмамдады. Имамдарға арналған 985 семинар-курс ұйымдастырылып, 11 231 дін қызметкері қатысты. «Зияткер имам» тақырыбында 75 семинар және 20 жарыс өтіп, оған 2 539 имам қатысты. Сондай-ақ мешіттердегі діни сауат ашуға қатысқан жалпы жамағат саны – 22 301. Ал 7335 адам Құран курсынан өтті» деді Смайыл Сүйерқұлұлы.

Бөлім басшысының баяндауынша, биыл Ислам институтынан 98 имам білімін жетілдіріп шықты. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес мешіттердегі діни сауат ашу курсынан бөлек «Намаз үйрену» курстарына 19 576 адам қатысты. Одан бөлек 2023 жылы «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсынан 34831 бала өтті, оның 23188-і ұл бала, 11643-і қыз бала. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру