Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «МҮФТИЯТ ҮЗДІГІ – 2023» МАРАПАТТАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.12.2023 4633 0 пікір
БАС МҮФТИ «МҮФТИЯТ ҮЗДІГІ – 2023» МАРАПАТТАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2023» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.

«Біз биыл да дін қызметінің үздіктерін марапаттау шарасын арнайы осы Төралқа мәжілісінің күн тәртібіне енгізіп отырмыз. Әрине, бәріміз Алла үшін қызмет етеміз. Еңбектің ескерілгені де жақсы. Бұл марапат дін қызметкерлеріне ерекше күш пен жігер сыйлайды деп есептеймін. Аллаға шүкір, діни қызмет аясында жариялаған «Ислам және ізгі қоғам» жылында сіз болып, біз болып, ауқымды шараларды бірге атқардық

Біз осы ретте асыл дініміздің абыройын асқақтату, ҚМДБ бекіткен бағыттар бойынша жұмыстанып, үздік нәтижелер көрсеткендігі, әрдайым сауапты істерге белсенді атсалысқандығы, халқымыздың ынтымақ-бірлігін нығайтуға себепкер болып, қайырымдылық іс-шараларға демеушілік жасағаны, қолдау көрсеткені, руханият пен ихсан ілімінің халықтың арасында кеңінен таралуына ықпал еткендігі, білімге деген құштарлығы мен ықыласын көрсетіп, жыл қорытындысы бойынша ең үздік нәтижелер көрсеткендігі, қоғамды ізгілендіруге сүбелі үлес қосып, жалпы халық арасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оң имиджін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірнеше қызметкерімізді арнайы марапаттап отырмыз» деді ҚМДБ Төрағасы. 

Салтанатты шарада 31 номинация бойынша үздіктер марапатталды. Атап айтқанда:

1. «Үздік Call орталық қызметкері» – Рашид Алпысбаев (Астана қаласы)      

2. «Үздік ұстаз» – Рүстем Дәулетов (Павлодар облысы)  

3. «Үздік ұстаз» – Бақытгүл Айтқалиқызы (Қарағанды облысы)

4. «Үздік медресе ұстазы» – Жексенбай Жұмаділләұлы (Ақтөбе облысы)

5. «Үздік Мұнара студиясы» – «AsylDIN» студиясы (Жамбыл облысы)

6. «Үздік ауыл мешіті» – «Кемертоған» мешіті (Алматы облысы)

7. «Үздік аудан мешіті» – «Құнанбай қажы» мешіті (Қарағанды облысы)

8. «Үздік қала мешіті» – «Нұр» мешіті (Қызылорда облысы)          

9. «Үздік қажылық гиді» – Рашид Мейімбекұлы (Абай облысы)

10. «Үздік Qamqor Sharapat орталығы» – Талғат  Дайрабайұлы (Алматы қаласы)      

 

11. «Үздік мешіт азаншысы» – Али Қазақ (Маңғыстау облысы)     

12. «Үздік наиб имам» – Ғалымбек Төлегенұлы (Жамбыл облысы)

13. «Үздік ауыл имамы» – Құраш Зинелұлы (Атырау облысы)

14. «Үздік аудан имамы» – Есенболат Қадырұлы (БҚО)

15. «Үздік қала имамы» – Шоқан Ғазизұлы (Қостанай облысы)   

16. «Үздік діни сайт» – «Mazhab.kz» сайтының ұжымы (Павлодар облысы) 

17. «Үздік әлеуметтік желідегі парақша» – @aziretsultanmosque парақшасы (Астана қаласы)   

18. «Үздік зекет қызметкері» – Қасымхан Абдоллаұлы (СҚО)   

19. «Уақып үздігі» – Берік Кәдірұлы (ШҚО) 

20. «Үздік оңалтушы» – Тимур Алиев (Алматы қаласы)   

 

21. «Үздік халал кәсіпорын» – «Шамахсутов» кәсіпорны (Жамбыл облысы) 

22. «Үздік қайырымдылық мекемесі» – «Әс-Сәләм» қайырымдылық мекемесі (Ақтөбе облысы) 

23. «Үздік қарилар орталығы» – «Ықылас» қарилар дайындау орталығы (Шымкент қаласы)

24. «Үздік медресе» – «Астана» медресесі (Астана қаласы)

25. «Үздік мешіт тазалықшысы» – Амангелді Айтмағамбетов (Ақмола облысы)      

26. «Үздік есепші» – Гауһар Жұмағалиқызы (Павлодар облысы)  

27. «Үздік ардагер имам» – Теңел Айдарбекұлы (Атырау облысы)   

28. «Жыл уағызшысы» – Арман Қуанышбаев (Түркістан облысы)  

29. «Үздік мүфтият қызметкері» – Хасан Аманқұл (ҚМДБ)

30. «Бес бағыт үздігі» – Қарағанды облыстық өкілдігі       

31. «Үздік өкілдік» – Алматы қалалық өкілдігі.

Барлық номинация иегерлерін, дін қызметкерлері мен мешіт-медресе ұжымдарын үздік атануымен шын жүректен құттықтап, еңбектеріне жеміс, отбасыларына амандық тілейміз!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру