Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.12.2023 2212 0 пікір
БАС МҮФТИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінде «Әл-Фараби ұсынған ізгі қоғам» тақырыбында өткен республикалық конференцияға қатысты.

Конференция жұмысында арнайы баяндама жасаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Ойшыл бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби «Қайырымды қала» еңбегінде мемлекеттің рухын қоғамдағы адамгершілік, қайырымдылық, әділеттілік, шынайылық, тұрақтылық, ізгі істер көтеретінін, рухани құндылықтар ғана сақтай алатынын атап өтеді. Расында руханияты дамыған ел жан-жақты өсіп-өркендейді.
Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Жүсіпбек Аймауытовтар адамды, мемлекетті, ұрпақты, ұлтты сақтайтын басты құндылық – толыққанды білім деп түсінген. Ұлт зиялылары заманыңда білім мен ғылым бола тұрып оны дұрыс иелене алмасаң, мемлекетіңе білімің мен ғылымың арқылы көмектесе алмасаң ілгерілеу болмайды деп тұжырым жасаған» деп атап өтті.

Конференцияға қатысқан зиялы қауым өкілдері ізгі қоғам құру жолындағы құндылықтар жайлы ойларымен бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру