Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.12.2023 2345 0 пікір
БАС МҮФТИ СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған сапарында Сәтбаев қаласындағы «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Тәуелсіздік – үлкен нығмет» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Тәуелсіздік – еш нәрсемен салыстыруға келмейтін ұлы нығмет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ибраһим» сүресінің 34-аятында: «Егер Алланың нығметін есептейтін болсаңдар санына жете алмайсыңдар», – деп айтқан.

Тек тәуелсіздігі бар ел ғана ойындағы асқақ армандарын жүзеге асырып, жарқын өмір сүре алады. Ана тілі, салт-дәстүрі мен мәдениеті сынды баға жетпес құндылықтары арқылы тәуелсіздіктің шоқтығы қашан да биік тұрады. Біздің еліміз де өз егемендігін алу жолында сансыз қиын кездерді еңсерді. Ғасырлар бойы жүргізілген тынымсыз күрес пен қайтпас қайсарлық бабаларымыздың аңсары – бүгінгі азат күнге жеткізді. Алла Тағалаға мың да бір шүкірлік болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болсын» деді.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти ел игілігі үшін дұға етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру