Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МАҢҒЫСТАУ ИМАМДАРЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.11.2023 1501 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МАҢҒЫСТАУ ИМАМДАРЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында аймақ имамдарына арналған семинарда дін қызметкерлерімен кездесіп, насихат айтты.

Семинарда ҚМДБ бекіткен құжаттар, бес бағыт жұмыстарын жан-жақты насихаттау, уағыз айтудың әдебі, имамның жамағатпен жүздесу мәдениеті тақырыптары қамтылды. Бас мүфти әр уағызды даналықпен, шебер жеткізу, жамағатпен көркем мәміле жасау қағидаларына да тоқталды. Сонымен қатар әлеуметтік желі әдебі, оны қолдану, пайдалы ақпарат беру, өзін-өзі жетілдіру турасында да насихат айтылды.

Кездесуге өңірге қарасты мешіт имамдары қатысты. Айта кетейік, бүгінде Маңғыстау облысында 38 мешіт, 126 дін қызметкері бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру