Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ИМАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.11.2023 2375 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ИМАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Маңғыстау облысында өткен «БЕКЕТ АТА ЖӘНЕ ИХСАН ІЛІМІ» республикалық конференциясы аясында осы өңірде өкіл имам қызметін атқарғандар марапатталды.

«Бекет ата мешітіне 20 жыл» мерекелік медалін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы табыстады. 

Медаль алғандар қатарында 80- жылдардың соңынан күні бүгінге дейін имамдық қызметте болған Ахметхан Ниятуллаұлы, Дүйсен Хасниязов, Тілепберген Жакиев, Тыныштықбай Мырзаев, Смайыл Сүйерқұлұлы және қазіргі бас имам Әнуар Ізімбайұлы бар. 

Бас мүфти дін қызметкерлеріне алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру