Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУДА «БЕКЕТ АТА ЖӘНЕ ИХСАН ІЛІМІНЕ» АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.11.2023 1945 0 пікір
МАҢҒЫСТАУДА «БЕКЕТ АТА ЖӘНЕ ИХСАН ІЛІМІНЕ» АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Ақтау қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «БЕКЕТ АТА ЖӘНЕ ИХСАН ІЛІМІ» республикалық- ғылыми танымдық конференциясы басталды.

Ш.Есенов атындағы атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде өтіп жатқан жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, Бас мүфти сауабын Бекет ата рухына бағыштады. Кейін Діни басқарманың биылғы атқарған негізгі жұмыстарын қамтыған бейнесюжет көрсетілді. Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Муминов, қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбайұлы, сондай-ақ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Төрәлі Қыдыр сынды өзге де зерттеуші-ғалымдар қатысуда.

Жиында Бекет ата өмірі, қайраткерлігі, дін жолындағы елеулі еңбектері туралы ғалымдар баяндама жасайды деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру