Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТАШКЕНТТЕ «МАТУРИДИ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ДӘУІР» ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.11.2023 1820 0 пікір
ТАШКЕНТТЕ «МАТУРИДИ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ДӘУІР» ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Матуриди мұралары және қазіргі дәуір» тақырыбындағы түркі мемлекеттері дін ғалымдарының форумы өтті.

Форум Өзбекстан президентінің кеңесшісі Музаффар Камилов, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Нуриддин Холиқназаров, Түркия Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Али Ербаштың құттықтау лебізімен басталды.

Сондай-ақ Өзбекстан халықаралық Ислам академиясының Имам Матуриди атындағы орталығының ғылыми қызметкері Абдулатиф Аллакулов, Кавказ мұсылмандары басқармасы төрағасының орынбасары Гамар Жавадли, Түркия Дін істері басқармасының жауапты қызметкері Салих Гор, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Мирзат Барпибеков, Түрікменстан мұсылмандары басқармасының бөлім басшысы Довлетгелди Багшиев сөз сөйлеп, Матуриди мұраларының мән-маңызына тоқталды.

Жиын соңында баяндамашылар пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру