Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖАҢА МЕШІТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.11.2023 2149 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖАҢА МЕШІТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына сапарында Қарасай ауданында жаңадан ашылған мешітте жұма намазын жүргізді.

Бас мүфти күндердің сұлтаны жұмада «Үшкемпірұлы Жақсылық» мешітіне жиналған жамағатқа «Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Алла Тағала парыз еткен намаз, ораза, зекет, қажылық сияқты ғибадаттардың барлығы белгілі тәртіп пен жүйеден тұрады. Олардың атқарылуы уақыты, өзіндік шарттары, парыз, уәжіп, сүннеттері бар. Бұның барлығы мұсылман үшін тәртіптің қаншалықты үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. Мұсылман адамның жеке өмірінде, отбасында, қоғаммен байланысында да белгілі бір тәртіп болуы қажет. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», – деген сөзінде үлкен мән мағына бар» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін ҚМДБ Төрағасы Жібек жолы ауылының жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру