Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕР ИМАМДАРЫНА ҰМРАҒА ЖОЛДАМА БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.11.2023 1829 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕР ИМАМДАРЫНА ҰМРАҒА ЖОЛДАМА БЕРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірде ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан 6 имамға кіші қажылық сертификатын табыс етті.

Бас мүфти алдымен Арыста жаңадан бой көтерген екі мың адамдық мешітте «Кішіпейілдік – дініміздің негізі» тақырыбында жұма уағызын өткізіп, жамағатқа насихатын жеткізді. Бұдан кейін елдің бірлігі мен ынтымағы жолында қызмет етіп, халықты діни сауаттандырып жүрген ардагер имамдарға тосынсый жасады.

Кіші қажылық сертификатын алғандар қатарында «Алтай» мешітінің азаншысы Нұрмұханбет Ережепов, «Һадия» мешітінің  молдасы, 20 жылдық жұмыс өтілі бар Мұхит Қыпшақбаев, Болат Серкебайұлы, Марат Айтжанұлы және Сабыр Сейітжаппарұлы бар. Аталған имамдар бұған дейін қасиетті мекенге бармаған. ҚМДБ Төрағасының шешімімен имамдардың ұзақ жылғы еңбегі ескеріліп, «Tawaf Travel» компаниясы арқылы ұмраға жолдама берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру