Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ САРЫАҒАШТА ӨТКЕН МӘУЛІТ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.11.2023 1980 0 пікір
БАС МҮФТИ САРЫАҒАШТА ӨТКЕН МӘУЛІТ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен өткен Мәуліт кешіне қатысты. 

Мәуліт кешінде Бас мүфти жамағатқа ізгі ниетін жеткізіп, насихат айтты.

«Біз Алла Елшісін ардақтаймыз. Есімін құрмет қыламыз. Содан болар қазақ жерінде Мәуліт мерекесі бірнеше ай қатарынан жалғасып, атап өтіледі. Мұның астарында үлкен насихат жатыр. Ол – дініміздің насихаты. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен алар үлгі көп. Құранның «Ахзаб» сүресінің 21-аятында Алла Тағала: «Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін қай жағынан алсақ та, теңдессіз үлгі-өнеге бар» - деп, Пайғамбар өмірін біздерге шамшырақ еткен. Олай болса, Пайғамбарымыз көрсеткен, насихаттаған ізгі қоғамды қалыптастыруда осындай мәуліт жиындарының мәнісі өте зор. 

Бүгінгі Мәуліт кешінде асыл дініміздің көкжиегін кеңейтуде барын салған біздің аяулы ұстаздарымызды да еске алдық. Алла оларға разы болып, Өз Мейіріміне бөлесін!

Қадірлі Мәуліт кешінің қонақтары! Алла Тағала баршамыздың қоғамға, өзгелерге, айналаға пайдалы болуымызды нәсіп етсін. Алла сауаптан жазсын! Білім жолында жүрген бауыр-қарындастарымызға Алла қуат, сабырлық нәсіп етсін! Мәуліт кеші құтты болсын» деді. 

Кеште ардақты Алла Елшісіне салауаттар айтылып, белгілі ақын, жыршы Жәкен Омаров мәуліт жырын айтты. Одан бөлек медресе шәкірттері арнау жырын оқыды. Белгілі өнерпаздар күй тартып, мәуліт кешіне көрік сыйлады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру