Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӘЛ-ХАСАН АБДУЛЛА КАМАРА: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА АЛҒАШ РЕТ ҚАТЫСТЫМ (ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.11.2023 1138 0 пікір
ӘЛ-ХАСАН АБДУЛЛА КАМАРА: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА АЛҒАШ РЕТ ҚАТЫСТЫМ (ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай өткен І халықаралық Құран жарысына қатысушы гвинеялық қари Әл-Хасан Абдулла Камара жарыс жөнінде «Мұнара» газетіне пікір білдірді.

«Қазақстанға алғаш рет келдім. Халықаралық деңгейдегі Құран жарысына алғаш рет қатыстым. Қазақстан ерекше қонақжай мемлекет екен. Әуежайдан бастап, қонақүйде, мешітте де жылы қабақ танытқан, көркем мінезді халықты көрдім. Жарыстың ұйымдастырылуында мін жоқ. Құранның берекеті болар, ерекше әсерге бөлендік. Әр елден келген қарилармен тілдесіп, аз күннің ішінде көп дос таптым» дейді Гвинея мемлекетінен келген қари Әл-Хасан Абдулла Камара.

Айта кетейік, гвинеялық қари мүфтияттың төл телеарнасы «Munara TV» арнасына да сұхбат берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру