Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘБУ-ДАБИДЕ ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.11.2023 1837 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘБУ-ДАБИДЕ ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктеріне барған сапарында Әбу-Даби қаласында осы елдегі елшіміз Мадияр Меңілбековпен кездесті. 

Кездесуде елші Бас мүфтиді жуырда ғана Астана қаласында ұйымдастырылған І халықаралық Құран жарысының сәтті өтуімен құттықтап, игі тілегін білдірді. Елші бұл игі іс-шара халықаралық байланыс пен әріптестік қарым-қатынасты арттыра түсуге оң ықпал еткенін атап өтті. 

Сонымен қатар екіжақты кездесуде Әбу-Даби қаласында Шариғи пәтуалар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ғылыми жаңалықтарға шариғаттың көзқарасы: әдістемелік, практикалық, моральдық» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда көтерілген мәселелер сөз болды. Басқосу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыруға келісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру