Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.11.2023 1924 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Республикалық бас мешітте жұма намазын жүргізді.

Бас мүфти күндердің сұлтаны жұмада мешітке жиналған жамағатқа «Ислам – әлемге түсірілген дін» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Адамзат баласын түрлі ұлт пен ұлыс етіп жаратуы – Алла Тағаланың хикметі. Әрбір ұлттың өзіндік ерешеліктері, тілдері мен салт-дәстүрінің айырмашылығы бар. Дін ислам әрбір ұлт өзінің салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын сақтай отыра, Алла Тағаланың әмірлеріне бағынып, тыйыл дегендерінен тыйылуға шақырады. Өйткені бұл дін бүкіл адамзат үшін түсірілген. Сонымен қатар исламда дінді бір ұлт жекешелеп алуына, өзін ғана тура жолда санап өзгені кемсітуіне жол берілмейді. Алланың құзырында адамның дәрежесі оның қандай да бір ұлт иесі болуына байланысты емес, тақуалығына байланысты болмақ» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру