Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 31.10.2023 2948 0 пікір
І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте І халықаралық Құран жарысының жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе тарту рәсіміне наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы қатысып, қариларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ жарыстың ережесі мен шарттарын қосымша ескертіп өтті.

Елімізде тұңғыш рет Ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтетін Құран жарысына 18-30 жас аралығындағы 26 елдің қарилары, сондай-ақ Қазақстан атынан екі жас қари қатыспақ.

Айта кетейік, Қазақ елінде алғаш рет өткелі отырған Құран жарысы ертең Республикалық бас мешітте сағат 10:00-де басталады. Екі күнге созылатын Құран жарысы мүфтияттың төл «Munara TV» телеарнасынан, «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасынан, Діни басқарманың ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру