Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЫСЫР МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.10.2023 1527 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЫСЫР МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына сапарында осы елдің мүфтиі, доктор Шауқи Ибраһим Алламмен кездесті.

Кездесуде діни білім, ғылым саласы әңгіме арқауы болды. 

«Мысыр елі жыл сайын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 25 білім грантын бөліп келеді. Мысырда білім алып келген дін ғалымдары еліміздің игілігі мен Ислам дінінің дамуына өзіндік үлесін қосуда. Өткен жылы өзіңізбен арнайы меморандумға қол қойдық. Соның нәтижесінде екі елдің діни саладағы әріптестік байланысымыз одан сайын жалғаса береді деп сенемін» деді Бас мүфти.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр мүфтиіне халықаралық конференцияға мәртебелі қонақ ретінде шақырғаны үшін айрықша алғысын білдіріп, ілтипат көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру