Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МӘУЛІТ КЕШІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.10.2023 2354 0 пікір
БАС МҮФТИ МӘУЛІТ КЕШІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына барған сапарында Көкшетау қаласында өткен Мәуліт кешіне қатысып, жамағатқа уағыз айтты. 

«Мәуліт айы – Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін, сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі. Бүгінгі іс-шара да осы мақсатта ұйымдастырылып отыр. Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат айтылып, мәуліт жыры оқылады.

Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту – сауапқа кенелу амалы. Мұсылман баласы Аллаға мадақ айтумен қатар, Оның Пайғамбарына (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем жолдайды. Алла Тағала Құранда: «Расында, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып, сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят) деп әмір еткен. Ал ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады» деген.

Тағы бір хадисте: «Кім маған бір салауат айтса, оған Алла он салауат айтады және оның он қателігін кешіреді әрі оның дәрежесін он есеге көтереді» делінген. Біз бұл хадистен салауат айтқан адам өзіне жақсылық жасағанмен тең екенін түсінеміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

ҚМДБ Төрағасы рухани кеште 685-пәтер сертификатын баспанаға аса мұқтаж дін қызметкеріне табыстады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру