Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

КӨКШЕТАУДА «MUNARA TV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.10.2023 1788 0 пікір
КӨКШЕТАУДА «MUNARA TV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына барған сапарында «Науан Хазірет» мешітінде «MUNARA TV» телеарнасының осы өңірдегі филиалының ашылу рәсіміне қатысты.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит Бас мүфтиге студия жұмысы мен жаңа тележобалар жайлы баяндап берді.

«Өздеріңізге белгілі, мүфтияттың төл телеарнасы «MUNARA TV» арнасы бүгінде халыққа рухани телеөнімдерді ұсынып, ғибратты бағдарламаларды көрсетуде. Төл телеарнамыздың жұмыс ауқымын ұлғайту мақсатында Көкшетау қаласынан филиалын ашып отырмыз. Бұл бөлімшеде әзірленген тележобалар халқымыздың рухани өміріне оң ықпал етеді деген сенімдемін» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти студия жұмысымен танысып, ұжым қызметіне сәттілік тілеп, арнайы дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру