Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ КУРАТОРЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.10.2023 1778 0 пікір
БАС МҮФТИ КУРАТОРЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласында мүфтият жанындағы бөлімдердің жұмысына жауапты кураторлардың, яғни басшылық құрамның жұмыс есебін тыңдады.

Наиб мүфтилер соңғы 9 айда түрлі бағытта атқарылған жұмыстардың есебін Бас мүфтиге баяндады. ҚМДБ Төрағасы бақылау, қадағалау, үйлестіру жұмыстарын әрдайым пысықтап отыруды тапсырды. Сонымен қатар бес бағыт, айтулы шаралар жобасы бойынша іс-шаралардың жоспарға сәйкес уақытылы орындалуына айрықша тоқталды. Жиналыс соңында Бас мүфти кураторларға нақты тапсырмалар берді.

Айта кетсек, мүфтият жыл басынан бері бес бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беріп келеді. Олар – дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру