Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ІС

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.10.2023 1852 0 пікір
ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ІС

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти 

 

Құрметті Нұр-Мүбәрак университетінің, медресе-колледждердің, қарилар орталығының ұстаздары! Сіздерді бүгінгі ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала ұстаздық жолындағы еңбектеріңізге мол сауаптан жазғай. Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, игі істеріңізге береке тілеймін.   

Барлық адам ұстаздың тәлімін алады. Адамды білімге баулумен қатар ізгілікке үндеп, тәлім-тәрбие беруде ұстаздың орны ерекше. Сондықтан біздің ұстаздарымыз шәкірт тәрбиелеуде табанды, ыждағатты болуға тиіс. Хакім Абайдың:

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға» деген өлеңінде үлкен мән жатыр.

Асыл дінімізде ілім-білім үйренуге баса мән берілген. Ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түскен алғашқы аят: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы» деп баяндалған. Хадистердің бірінде: «Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз» делінген. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім нәсіп етіп, еліміздің өркендеу жолында аянбай қызмет ете беруді жазғай. Әмин!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру