Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.09.2023 2534 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Ақтау қаласында ХІI республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауы басталды.

Игі іс-шараның ашылу рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Бүгін әулиелер мекені – Маңғыстау облысында «Бекет ата» мешітінде республикалық деңгейде қарилар арасында қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан он екінші рет байқау ұйымдастырып отырмыз. Байқауға қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынайды. Байқауға 80 үміткер қатысуда.

Қатысушыларға қойылатын басты талаптың бірі – Құран ережесіне сай жатқа және мәнерлеп оқу. Аллаға сансыз шүкір, елімізде жыл санап қариларымыздың қатары артып келеді. Бүгінгі байқауды ұйымдастырудағы мақсатымыз – қоғамда Құранға деген құрметті арттыру, шәкірттерді Құран жаттауға жігерлендіру, жалпы халыққа Құран құндылықтарын насихаттау» деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру