Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.09.2023 1576 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында Павлодар қаласында орналасқан Ардагерлер үйіне арнайы барды.

«Халқымыз «Қарты бар елдің қазынасы бар» дейді. Біз қариясын құрметтеген, үлкенін сыйлаған, «қарттарым – қазынам» деп бағалаған елміз. Ақ сақалды ата мен ақ жаулықты әженің біз үшін орны бөлек. Аллаға шүкір, елімізде байырғы бабалардан келе жатқан осы бір сабақтастық әлі күнге өз құндылығын жойған жоқ. Қарияны құрметтеу – біздің бабалардан мирас болған қастерлі мұрамыз іспетті. Мемлекетіміз де қарияларын әрқашан қолдап келеді. Оларға көрсетілетін көмектің көлемі де жыл сайын ұлғаюда. Бұл – үлкен қамқорлық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өз мүмкіндігі аясында қарттарға қамқорлық танытып келеді. Хадис-шәрифтерде: «Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес» делінген. Алла Тағала сіздерге күш-қуат пен амандық нәсіп етсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

1 қазан Қарттар күніне орай ұйымдастырылған игі іс-шарадан кейін Бас мүфти қарияларға кәде-сый үлестіріп, батасын алды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру