Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына барған сапарында Шарбақты ауданында орналасқан Ғабдул-Уахит кесенесін зиярат етті.
Бас мүфти дін қайраткерінің, сонымен қатар еліміз бен жерімізді жаудан қорғаған батырлар мен барша тұлғалардың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.
Айта кетсек, Ғабдул-Уахит хазірет (1853-1926 жж) ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген белгілі діни қайраткер. Хазірет қазіргі Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде дүниеге келген. Алғашқы білімді молдадан алған ол Бұқарада ілімін жетілдіріп, Ислам дінінің негіздерін терең зерттеген.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
29.09.2023
4444
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру