Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Кітап дүкендеріндегі діни әдебиеттер тексерілді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 28.09.2023 1182 0 пікір
Алматы: Кітап дүкендеріндегі діни әдебиеттер тексерілді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында Діни сараптама бөлімінің Алматы қаласындағы жауапты өкілі Тимур Алиев мешіттер ауласындағы діни дүкендерде сатылып жатқан әдебиеттерді тексерді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мешіт маңындағы дүкендерде көпшілік оқырман қауымға арналған Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебіне сай діни еңбектердің сатылуын қадағалау. Сонымен қатар деструктивті ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу. «Айлық тексеріс қаланың барлық мешіт маңайындағы дүкендерге жүргізіліп отыратынын ескертеміз», - деп атап өтті діни сараптама бөлімінің Алматы қаласындағы жауапты маманы Тимур Алиев. 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру