Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ АВИАКОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

ҚМДБ Қажылық бөлімі muftyat.kz 27.09.2023 1461 0 пікір
ҚМДБ АВИАКОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық қажыларды тасымалдау  үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялайды.

КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ:
  1. Авиакомпанияның «Қажылық-2024» маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
  2. Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Королдігінің арасында тікелей авиамаршрутқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
  3. Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мәдина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған билет құнын ұсыну;
  4. Авиакомпания Қазақстан Республикасының қазақстандық қажыларды 02.06.2024ж. мен 12.06.2024ж. аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 24.06.2024ж. мен 30.06.2024ж. аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну.
Аталған құжаттар осы жылдың 28 қыркүйектен бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 10 қазанға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды. Туындаған сұрақтар бойынша жауапты тұлғаға (Жәнділлә Бекжігітов  +77014770717 ) хабарласуға болады.   

 

ҚМДБ Қажылық бөлімі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру