Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.09.2023 2107 0 пікір
БАС МҮФТИ ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған сапарында өңір имамдарына дәріс оқыды.

«Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім адамдарды тура жолға шақыратын болса, ол адамның сауабы артынан ерген адамдардың сауабымен бірдей болады. Және олардың да сауабынан еш кемімейді!» – деп халықты имандылыққа шақырып, дінге қызмет етудің қаншалықты маңызды екенін жеткізген.

Дін қызметкерлері осы үлкен жауапкершілікті арқалап, қай кезеңде болмасын қоғамдағы тұрақтылық пен адамгершілікті сақтауда зор үлесін қосып келеді. Бұл сабақтастық ғасырлар бойы үзілмей, жалғасын табуда. Қазақ тарихында елді рухани тазалыққа, ата-бабамыздың мұсылмандық сенімін сақтауға өз үлесін қосып келе жатқан дін қызметкерлері екені белгілі. Сондықтан сіз бен біз әрқашан білім жолында ізденіп, жұмысымызға ыждағат танытуға тиіспіз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру