Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған сапарында өңір басшысы Ғабит Сыздықбековпен кездесті.
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ғабит Әбдімажидұлын жаңа қызметімен құттықтап, игі бастамаларына сәттілік тіледі. Кездесуде өңірдің діни ахуалы сөз болып, имамдардың білімі мен біліктілігін арттырудың маңызы талқыланды. Сонымен қатар дін мен дәстүр сабақтастығын жаңғырту, жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру жайы сөз болды. Қала әкімі өз сөзінде Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Бас мүфтидің игі істеріне сәттілік тіледі.
Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында 90 мешіт бар. Онда 300-ге жуық дін қызметкері жұмыс істейді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
21.09.2023
3351
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру