Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Польша Республикасының Қазақстандағы және Қырғыз Республикасындағы елшісі Селим Хазбиевичпен кездесті.
Ең алдымен Бас мүфти Діни басқарманың негізгі жұмыстары мен халықаралық бағытта атқарылып жатқан байланыстарға тоқталды. Сонымен қатар кездесуде Польша Республикасы мүфтиінің қазан айында елімізге жасайтын ресми сапарының бағдары талқыланды.
Елші өз кезегінде Польшадағы діни ахуал, Қазақстанмен арадағы түрлі саладағы, оның ішінде діни бағытта қарым-қатынасты арттыру жайын тілге тиек етті.
Екіжақты жүздесуден соң ҚМДБ Төрағасы Польша елшісіне қазақы нақышта жасалған кәдесый табыстады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру