Бүгін қасиетті жұма күні ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте «Өрнек» тігін орталығы ашылды. Игі бастаманың ашылу салтанатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.
Шеберхана толықтай қазіргі заманғы тігін машиналарымен, қажетті құралдармен жабдықталған. Бас мешіт имамы Қанат Қыдырминнің айтуынша, бұл орталық мешіттің әйел жамағаты, соның ішінде шәкірттердің тігін өнерін үйренуіне, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді. Киім-кешек түрлері, жайнамаз, құрақ көрпе және өзге де тұрмыстық бұйымдар әзірленіп, қыз-келіншектер оны қажетіне жарата алады.
Тігін орталығының ашылу рәсімінде ҚМДБ Төрағасы батасын беріп, игі бастамаға сәттілік тіледі.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
08.09.2023
4463
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру