Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.09.2023 1612 0 пікір
БАС МҮФТИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Астана қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият жанындағы шығармашылық топ мүшелерімен кездесті. Кездесуде жыл соңына дейін шығару жоспарланған бірқатар кітаптардың мазмұны талқыланды.

«Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін MUFTIYAT баспасынан «Табыс теориясы (мұсылман мотивациясы)», «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар», «Жаннатпен сүйіншіленген 10 сахаба», «Пайғамбар хадистері мен қазақ мақал-мәтелдері», «Құрбандық пәтуалары», «Сопылық сыры» сынды бірқатар кітап жарық көрді. Енді баспа саласы бойынша алдымызда тұрған үлкен міндеттің бірі – «Ислам энциклопедиясының» І, ІІ, ІІІ томдарын, «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Дін мен дәстүр ІІІ», «Пәтуалар жинағы 4», «Ислам ақидасы: Өзекті мәселелер», «Ерекше көркем есімдер» және т.б. кітаптарды шығару. Алла қаласа, бұл міндетті де абыроймен атқарып шығамыз деген сенімдемін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиында шығармашылық топ мүшелері Бас мүфтиге өздеріне жүктелген жұмыстар жайлы баяндап берді. Басқосу соңында ҚМДБ Төрағасы шығармашылық топ мүшелеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру