Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН МЕШІТ АСХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.08.2023 1691 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН МЕШІТ АСХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті жанынан жаңадан салынған асхана ашылды. Ресми ашылуына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

«Асымыздың адалдығы біздің құлшылығымызға, дұғамызға әсер етеді. Сондықтан адал ас ішу өте маңызды. Бұл тұрғыда мешіттің өз асханасының болуы тиімді. Мешіт жанынан асхана ашылуы жергілікті жамағатқа да пайдасын тигізері анық. Осы іске демеу білдірген азаматтарға Алла разы болсын» деді Бас мүфти.

Асхананың ашылуына орай өңірде түрлі дертке шалдыққан 100 балаға Бас мүфти атынан дастархан жайылып, Наурызбай қажы Тағанұлы ізгі ниетін жеткізді.

«Осында сынаққа ұшырап, түрлі дертпен күресіп жүрген балалармен кездесудегі мақсатымыз бір мезгіл көңілін аулап, қуаныш сыйлау. Алла Тағала олардың дертіне шипа берсін. Айығып, ата-аналарының көз-қуанышы болып өссін. Балалардың қуанышы біздің де қуанышымыз. Осы балалардың ертеңгі тағдыры жарқын, болашақта бақытты ғұмыр кешсін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Мешіт асханасы мен мүфтият жатақханасына үлес қосқан демеуші бір топ азаматқа Бас мүфти атынан Алғыс хат берілді.

Айта кетейік, асхана 450 адамға арналған. Сонымен қатар облыстық мешіттің ерлерге арналған намаз залы кеңейтілді. Жаңадан ашылған қосымша намаз оқитын орында 550 адам құлшылығын өтей алады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру