ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясына жұмыс сапары аясында Польша Республикасының мұсылмандары діни одағының Жоғарғы алқасының Төрағасы, Польша мүфтиі Томаш Мискевичпен кездесті.
Кездесуде екі елдің діни саладағы байланысы сөз болды. Томаш Мискевич Бас мүфтиге ризашылығын білдіріп, қарым-қатынастарды жаңғырту жолындағы жұмыстарына табыс тіледі. Сонымен қатар кездесуде Польша Республикасы мүфтиінің күзде елімізге жасайтын ресми сапарының бағдары талқыланды.
Екіжақты жүздесуден соң Бас мүфти Польша мүфтиіне қазақы нақышта жасалған кәдесый табыстады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
14.08.2023
2771
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру