Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.08.2023 3017 0 пікір
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жетісу облысының бас имамы болып Керімбек Дәуітов тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық «Иман» мешітінің наиб имамы және Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы қызметін қатар атқарды.

Жаңадан тағайындалған бас имамды Жетісу жамағатына ҚМДБ Төрағасының орынбасары Кенжеәлі Қоңыратбайұлы таныстырды. Наиб мүфти облыстық «Иман» мешітінде «Имани гүл» тақырыбында жұма уағызын айтып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Керімбек Сәрсембайұлы – Нұр-Мүбарак университетінің түлегі, Жетісу өңірінде көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқан имам.

Бұдан кейін Кенжеләлі Қоңыратбайұлы осы өңірде екі жыл облыс имамы қызметін атқарған Алмас Сағидоллаұлының иығына шапан жауып, дінге, елге еткен еңбегі үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ Жетісу облысына іссапармен келген наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесіп, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді. Кездесу барысында Діни басқарманың жұмыс бағыттары жайлы айтылды. Облыс әкімі де өңірдегі діни ахуал жайында және жас мамандарды қызметке тарту мақсатында жасалып жатқан жұмыстар жайлы тілге тиек етті.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру