Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ТОЛЫҚ ОТАНЫМЫЗҒА ОРАЛДЫ (ФОТО)

11.07.2023 2612 0 пікір
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ТОЛЫҚ ОТАНЫМЫЗҒА ОРАЛДЫ (ФОТО)


Қазақстан қажылары толық Отанымызға оралды.
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділдә Бекжігітов хабарлады.

"Қажыларымыздың соңғы бөлігі, яғни 168 азаматымыз елімізге жетті. Ұшақтар алдын ала белгіленген уақытқа сәйкес ұшты. Тікелей рейстерге қатысты кешігу немесе басқа уақытқа ауыстыру сынды жағдайлар орын алмады" деп атап өтті Ж.Бекжігітов.

Айта кетсек, биыл елімізден келген 4 мың жерлесіміз қажылық парызын өтеді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қажылық миссиясы Мекке қаласында ашылған жұмыс кеңсесінде бес бағыт, яғни уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, ақпарат тарату бойынша жұмыс істеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру