Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.07.2023 2587 0 пікір
МЕККЕДЕ ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Мекке қаласында Қажылық миссиясының қорытынды жиналысы өтті. Миссия төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар бес бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады.

Жиналыста уағыз-насихат тобының жетекшісі Смайыл Сейітбеков имамдар Мұздалифа, Мина жазығы мен Арапат аймағында, сонымен қатар отандастарымыз орналасқан қонақүйлерде 432 рет уағыз айтылғанын баяндады. Пәтуа бағыты бойынша жауапты Бауыржан Абдуалиев 1700-ден астам қажының сұрағына қатысты пәтуа берілгенін тілге тиек етті. Ал дәрігерлер тобының жетекшісі Нұрлан Сейітов 1300 қажыға түрлі деңгейде алғашқы медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті. Жиналыс барысында Ершат қажы Ағыбайұлы Қажылық миссиясының жұмысын жетілдіру бойынша тиісті нұсқамалар берді.

Айта кетсек, биыл елімізден келген 4 мың жерлесіміз қажылық парызын өтеді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қажылық миссиясы Мекке қаласында ашылған жұмыс кеңсесінде бес бағыт, яғни уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, ақпарат тарату бойынша жұмыс істеді. Бүгінде қажыларымыздың басым бөлігі елге жетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру