Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДАМЫЗДЫҢ ЕҢСЕСІ БИІК БОЛҒАЙ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.07.2023 2121 0 пікір
ЕЛОРДАМЫЗДЫҢ ЕҢСЕСІ БИІК БОЛҒАЙ

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

 

Ардақты ағайын! Қадірлі қала тұрғындары!

Сіздерді Астана қаласының 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, әрбір игі істеріңізге береке тілеймін.

Өздеріңізге белгілі, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астананың 25 жылдығы. Жаңа даму бағыттары. Жаңа мүмкіндіктер» атты елорданың бауырлас қалалары форумының салтанатты ашылу рәсімінде елордамыз Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне тың серпін бергенін, жаңару мен жаңғыруға жол ашқанын, бас қаламызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылғанын, дінаралық диалог пен рухани дипломатияның ордасына айналғанын атап өтті. Сондай-ақ Астананы бірлік пен берекенің бесігі деуге толық негіз бар екенін, бұл қалада ең маңызды шешімдер қабылданатынын, болашақта да солай бола беретінін жеткізді.

Шын мәнінде, еліміздің дамуында Астана қаласының алар орны айрықша. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің елордамызда өтуінің өзіндік мәні бар. Бүгінде бас қаламыз әлем жұртын бірлік пен игілікке, діни татулық пен достыққа үндейтін бейбітшіліктің бесігіне айналды. Алла Тағала сүйікті қаламыздың қарыштап дами беруін нәсіп еткей. Қала тұрғындары бақытты ғұмыр кешіп, арман-мақсаттарымыздың орындала беруін тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, елордамыздың еңсесі биік, тәуелсіздігіміз баянды болсын. Әмин!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру