Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛАРҒА 432 РЕТ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.07.2023 2617 0 пікір
ҚАЖЫЛАРҒА 432 РЕТ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ (ФОТО)

Қажылық сапары кезінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған имамдар Мұздалифа, Мина жазығы мен Арапат аймағында, сонымен қатар отандастарымыз орналасқан қонақүйлерде 432 рет уағыз айтылды. Бұл туралы Қажылық миссиясы жанындағы Уағыз-насихат бөлімінің жетекшісі Смайыл Сейтбеков мәлімдеді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімі қажылық маусымы қарсаңында арнайы тақырыптарды бекітті. Бекітілген тақырыптар негізінде 18 қажылық компаниясына бөлінген имамдарымыз қажыларға уағыз айтты. Әсіресе Мина, Арапат аймағында, қонақүйлерде орналасқан қажыларымызға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Діни басқармаға қарасты имамдар уағыз айтып, жерлестеріміздің сұрақтарына жауап берді» деп атап өтті Смайыл Сейтбеков.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру