Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ 23 568 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (30.06.23)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.07.2023 1479 0 пікір
ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ 23 568 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (30.06.23)

Құрбан айттың үшінші күні республика бойынша 23 568 мұқтаж отбасыға және 100 мекемеге құрбандық еті жеткізілді.

Айттың соңғы күні Республика бойынша 6 387 қой, 114 ешкі, 358 ірі қара және 4 түйе шалынды. Сонымен қатар еліміз бойынша qurban2023.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебі, яғни, атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді.

Еске сала кетейік, биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта атқарылды. Шалған құрбандық, ізгі ниет қабыл болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру