Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ БАС МҮФТИГЕ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

muftyat.kz 30.06.2023 1156 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ БАС МҮФТИГЕ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айт мейрамымен құттықтап, хат жолдады.

«Сіздерді және барша Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күні әрбір мұсылман отбасында қуанышпен қоса татулық, қонақжайлылық пен сүйіспеншілік рухы орнағанын қалаймын. Мұсылмандар мен христиандар арасындағы игі қарым-қатынастар алдағы уақытта да ортақ Отанымыз – құтты Қазақстанда бірлік пен келісімді нығайтуға қызмет ететініне сенімдімін. Құрметті мүфти хазірет, Сізге және барша мұсылман қауымына шын жүректен денсаулық, бейбітшілік, амандық, Отан игілігі үшін атқарылып жатқан игі істерде сәттілік тілеймін» делінген құттықтау хатта.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру